Қонақ лекция: «Әл-Фарабидің әлеуметтік әділеттілік тұжырымдамасы»Farabi University

51

Қонақ лекция: «Әл-Фарабидің әлеуметтік әділеттілік тұжырымдамасы»

4 сәуір, 2025

 

2025 жылдың 4 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия жне саясаттану факультетінде «әл-Фарабидің рухани мұрасының социологиялық келбеті» атты V пікірталас алаңы өтті. Аталған шара ұлы ойшылдың 1155 жылдығына арналды жне әлеуметтану мен әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен докторанттарын бір алаңға жинады. Бас спикер ретінде Өзбекстанның Мирзо Ұлықбек атындағы Ұлттық университетінің профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы — Холбеков Абдуғани Жұманазарович сөз сөйледі. Лекцияда профессор Холбеков әл-Фарабидің әлеуметтік әділеттілік концепциясын қазіргі заманның маңызды мәселелерімен байланыстыра отырып талдады. Қайырымды қала, моральдық басшылық, парасатты басқару секілді ұғымдар әділетті қоғам құру жолындағы философиялық бағдар ретінде ұсынылды. Сонымен қатар, білім мен тәрбиенің рөліне баса назар аударылды, бұл Тұрақты даму мақсаты 4 – Сапалы білім беру жне мақсат 10 – Теңсіздікті азайту бағыттарымен үндеседі.

Сонымен қатар, докторант Бахытжанова А.А. «Алматы қаласындағы әйелдердің репродуктивті детерминанттары: әлеуметтік-экономикалық факторлардың репродуктивті мінез-құлыққа жне медициналық қызметтерге қолжетімділікке әсері» атты баяндамасымен сөз алды. Бұл зерттеу ТДМ 3 – Денсаулық сақтау жне әл-ауқат жне ТДМ 5 – Гендерлік теңдік мәселелеріне қатысты терең пікірталас тудырды.

Шараның соңында қатысушылар әл-Фараби мұрасын әлеуметтік әділеттілік пен тұрақты даму идеалдарын жүзеге асыру құралы ретінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Модератор: әлеуметтану кафедрасының PhD, аға оқытушысы — Шабденова Айжан Базарханқызы

Ұйымдастырушы: Кафедра меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы Арын Д.А., PhD, аға оқытушы Ақмади М.А.