- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультеті жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысын сәтті аяқтады
Шығыстану факультеті жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысын сәтті аяқтады

2025 жылдың 4 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын аяқтады.
Конференцияға қатысушыларды құттықтау сөзінде Шығыстану факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Ем Н.Б. студенттер мен жас ғалымдардың конференцияларға қатысуының және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін көрсетудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Наталья Борисовна «Фараби әлемі» конференциясы еліміздің академиялық әлеуетін жас ұрпаққа тәрбиелеудің негізі және Қазақстандағы заманауи ғылымның дамуының іргетасы екендігіне ерекше атап өтті.
Конференцияға Қазақстан, Оңтүстік Корея Республикасы, Ресей және Қытайдан студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар қатысты. Жас ғалымдар өз баяндамаларында шығыстанудың өзекті және маңызды мәселелерін ашып көрсетті. Баяндамалар барысында шығыстанудың әртүрлі бағыттары бойынша келесі секцияларда теориялық, практикалық және қолданбалы сипаттағы мақалалар ұсынылды:
1. Шығыс елдерінің саясаты мен экономикасы, Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасы.
2. Шығыс тілдері мен әдебиетінің өзекті мәселелері.
3. Шығыс елдерінің қоғамы мен діні.
4. Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті.
Конференция соңында комиссия мүшелері мақалалардың сапасы мен қатысушылардың дайындығы өте жоғары екенін атап өтті. Биыл жүлделі орындар үшін бәсеке өте қызу болды. Комиссия ғылыми жұмыстардың жаңалығы, практикалық және теориялық маңыздылығы, өзектілігі сияқты маңызды критерийлерді ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың өз мақаласын таныстыра білу қабілетін де бағалады. Конференция жұмысы қатысушыларға сертификаттар мен жеңімпаздарға құрмет грамоталарын салтанатты түрде тапсырумен аяқталды.
Басқа жаңалықтар

