IV Халықаралық Фараби форумы аясында «Өмірмәнділік ой толғамдар» эссе байқауы өттіFarabi University

51

IV Халықаралық Фараби форумы аясында «Өмірмәнділік ой толғамдар» эссе байқауы өтті

2 сәуір, 2025

IV Халықаралық Фараби форумы аясында «Өмірмәнділік ой толғамдар» эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — жастардың философиялық тұрғыдан өмірдің мәні, мораль, адамгершілік, қоғам мен тұлға арасындағы байланысты талқылауға арналған ойларын көрсету және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқауға студенттер мен жас ғалымдар қатысып, өздерінің өмірге, философияға және әл-Фарабидің мұрасына қатысты терең ойларын эссе түрінде ұсынды. Әр қатысушы өз шығармасында адамның өмір мәні мен мақсатын, жеке тұлғаның рухани және моральдық құндылықтарын талқылады.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар таңдалып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Жеңімпаздардың эсселері форумның қорытынды сессиясында таныстырылып, олардың жұмыстарындағы терең философиялық ойлар кеңінен талқыланды. Бұл байқау жастардың философияға деген қызығушылығын арттырып, өмірдің мәні туралы ой толғауға мүмкіндік берді. 

Ұйымдастырушылар: доцент Г.М. Сембаева және аға оқытушы Ж.Н. Қазиева

Байқау жеңімпаздары:

  1. Хайырлнева Альмира. Жетекші: Ж.Н.Казиева
  2. Жаушбай Нуризат. Жетекші: Құранбек Ә.А.
  3. Бауыржан Әйгерім. Жетекші: Қошқарбаев Е.Е.