Ұлттық құндылық – ел болашағыFarabi University

51

Ұлттық құндылық – ел болашағы

19 наурыз, 2025

19.03.2025 ж. Қолданбалы қазақ тіл білімі» мамандығының 1-курс магистранты Смағұлова Жанаргүл «Қазақтың ұлттық тағамдары. Ұлттық құндылық – ел болашағы» тақырыбына «6B05203 - Гидрология» мамандығының 1-курс студенттерімен ашық семинар сабағын өтті. А. Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы ф.ғ.к., доцент Мұхамади Қ.Т. жетекшілігімен ұйымдастырылған сабақ қазақтың бай тағам мәдениетіне арналған.
Сабақ барысында студенттер ұлттық тағамдардың пайдасы мен ерекшеліктерін зерттеді. Қазақтың ет, сүт, ұн өнімдерінен жасалатын тағамдары туралы білімдерін толықтырды. Студенттер постер дайындап, оны аудитория алдында қорғау арқылы сөйлеу шеберліктерін шыңдады. Әр топ тағам түрлерін таныстырып, өзара пікірталас жүргізді.
Семинар қазақ халқының ұлттық тағамдарына деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі міндеті студенттерге ұлттық құндылықтарды түсіндіру және оларды жаңғырту жолдарын талқылау болды.
Іс-шараның соңында студенттер өздерінің ұлттық бренд үлгілерін ұсынып, болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау жолдарын ойластырды. 
Бұл семинар ұлттық құндылықтардың қазіргі қоғамдағы орны мен маңызын түсінуге, қазақтың мәдени мұрасын сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге арналған үлкен қадам болды.