«Ортағасырлық ислам ойшылдығының әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты пікірталас алаңыFarabi University

51

«Ортағасырлық ислам ойшылдығының әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты пікірталас алаңы

3 сәуір, 2025

Бүгін 3 сәуір күні студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «ФАРАБИ ФОРУМЫ» аясында «Ортағасырлық ислам ойшылдығының әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты пікірталас алаңына студенттер, магистранттар, мектеп мұғалімдері қатысты. Спикерлер: Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; Өмірбекова Әлия Өмірбекқызы – философия ғылымдарының кандидаты, доцент; Балтымова Мира Рашидқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент; Мұқан Нұрзат – PhD доктор өз зерттеулері бойынша тартымды баяндама жасады. Пікірталас барысында мына бағыттар бойынша маңызды проблемалар туралы айтылды:

1. Әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасындағы жалпыадамзаттық құндылықтар, оның генезисі мен эволюциясы, құрылымдық-функционалдық негіздері;

2. Әл-Фараби мен түркі ғұламаларының ізгі адам туралы идеяларына компаративистикалық дискурс негізінде түркілік тұтастық идеясын жүзеге асыру;

3. Адамзаттың прогрессивті құндылықтарын сақтап, дамытудағы және ілгерілетудегі түркілік тұтастық идеясын қалыптастыру және жүзеге асыру.

Сонымен қатар, пікірталас барысында ұлттық құндылықтар және цифрлық білім беру мен тәрбие туралы өзекті мәселелер де талқыланды.