«Аударма - өркениет феномены ретінде: әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасы негізінде» атты халықаралық ғылыми конференцияFarabi University

51

«Аударма - өркениет феномены ретінде: әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасы негізінде» атты халықаралық ғылыми конференция

2 сәуір, 2025

2 сәуір 2025 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫ аясында «Аударма - өркениет феномены ретінде: әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасы негізінде» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Бұл іс-шара ғалымдардың, зерттеушілердің және білім алушылардың басын қосып, әл-Фараби мұрасының терең зерттелуі мен аударма ісінің өзектілігіне ерекше назар аударды.

Конференция барысында шетелдік және отандық баяндамашылар өз зерттеулері мен ой-пікірлерін ортаға салып, әл-Фарабидің философиялық мұрасының тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қалай мойындалғанын, оның гуманизм, толеранттылық және білім тарату жолындағы еңбегінің бүгінгі қоғамда қандай рөл атқаратынын талқылады.

Конференция аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығы арасында Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумның мақсаты - бейбітшілікті және конфессияаралық келісімді насихаттауға, діни экстремизм және терроризмге қарсы бағытталған конференциялар, брифингтер, тренингтер, кездесулер, акциялар, біліктілікті арттыру курстары мен қоғам сұранысына сай білікті теологтарды даярлау және т.б. іс-шараларды өткізу.

 Конференция соңында «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығы атынан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ылыми кітапханасына кітаптар сыйға берілді.

Әл-Фараби мұрасына және аударма ісінің өркениеттегі рөліне арналған бұл конференция ғалымдар мен зерттеушілер арасында маңызды пікірталастарға негіз болды.

Конференцияның ұйымдастырушылары: Каупенбаева С.М., Балтымова М.Р., Әлтаева Н.С.