«Қазіргі әлемдегі қалалардың экологиялық мәселелері» халықаралық студенттік пікірталасыFarabi University

51

«Қазіргі әлемдегі қалалардың экологиялық мәселелері» халықаралық студенттік пікірталасы

2 сәуір, 2025

2025 жылдың 2 сәуірінде филология факультеті шетел тілдері кафедрасының оқытушылары мен география және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенттері және магистранттары Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 11) аясында «Қазіргі әлемдегі қалалардың экологиялық мәселелері» атты халықаралық студенттік пікірталас өткізді.

Іс-шара онлайн (Zoom) және офлайн форматта, ағылшын тілінде жүргізілді. Пікірталасқа Қытайдың Қашқар университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері қатысып, қазіргі урбанизация жағдайында экологиялық мәселелердің өзектілігі мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Қатысушылар қалалардың тұрақты дамуы, халықаралық ынтымақтастықтың рөлі, экологиялық заңнаманы жетілдіру, жасыл технологияларды енгізу, сондай-ақ экологиялық сана-сезімді арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Л.М. Алиярова, Г.Б. Жамалова, Б.Н. Карабаева, Т.А. Меркибаев, Р.Н. Балгабекова, С.Ж. Абдиназарова.