Гендерлік теңдікке байланысты тәрбие сағаты

«Әйелдердің тұрақты дамудағы рөлі: Неліктен гендерлік теңдік барлығы үшін маңызды?» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты – қоғамдағы әйелдердің рөлін талқылау, гендерлік теңдік туралы түсінікті тереңдету және студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру.
Кездесу барысында қатысушылар Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 5-мақсаты – Гендерлік теңдік бағытына ерекше тоқталып, әйелдердің ғылым, саясат, кәсіпкерлік, білім беру және экология салаларындағы жетістіктерін мысалға келтіріп, мазмұнды пікірталас өрбітті.
Презентациялар, бейнематериалдар мен интерактивті сұрақ-жауап сәттері арқылы студенттер тақырыпты жан-жақты талқылады. Қатысушылар қоғамдағы тең құқықтылық, әйелдердің әлеуетін бағалау, қыз балалардың білім алудағы тең мүмкіндіктері сияқты өзекті мәселелерге ерекше назар аударды.
Топ студенттері ашық пікір білдіруге, әлеуметтік тақырыптар төңірегінде ой бөлісуге белсенді араласып, өз көзқарастары мен ұстанымдарын еркін жеткізе білді.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар студенттердің азаматтық жауапкершілігін, мәдени сезімталдығын және адам құқықтарына деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, университет қабырғасында жастарға сапалы біліммен қатар, рухани-адамгершілік тәрбие беру дәстүрінің сақталып келе жатқанын көрсетті.
Басқа жаңалықтар

