17-наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніFarabi University

51

17-наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні

17 наурыз, 2025

2025 жылдың 17 наурыз күні «Табиғи техногенді қауіп-қатерлер» мамандығының студенттерімен атаулы мерекеге арналған эдвайзерлік сағат өтті.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз халықтық мерекені татап өтуге арналған онкүндік өткізу дәстүрге айналып отыр. Әр күн белгілі бір тақырып аясында өтеді. Соның бірі 17-наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні деп аталады. Бұл тақырып аясында «Қыз ұзату», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесер» сынды ғұрыптарды бүгінгі заманауи бағытта түпнұсқаға сай мән-мазмұны, шығу тарихы, дамыту жолдарын саралап, қайта жаңғырған бай қазынамызға айналдыру туралы айтылды. Ондағы негізгі мақсат – халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, төл мәдениетіміздің алтын арқауы, ұлттық ұстанымын насихаттау. Асыл қазынамызды қайта жаңғыртып, жалпы халықтық сипат алуына ден қою, жас ұрпақтың бойына сіңіру, ұлт құндылығын насихаттау.