
2025 жылдың 2 сәуірінде «7M02303 Аударма ісі (батыс тілдері)» және «7M02312 Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандықтарының І курс магистранттары Жанжігітова Ақерке мен Оспанова Әсел педагогикалық практика аясында «Шетел филологиясы» мамандығының ІІ курс студенттеріне арналған «Отан – рухы биік, асқақ ұғым!» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Шараға шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы – Онгарбаева Меруерт Сырлыбаевна да қатысты. Іс-шараның мақсаты – студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рух пен патриоттық сезімді нығайту, тарихи тұлғалар мен қазіргі қоғамдағы патриотизмнің рөлін талқылау, сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстанның мәдениеті, тарихы мен жетістіктерін салыстыра отырып, білімдерін кеңейту.
Іс-шара барысында студенттер Отан ұғымының мәні мен маңыздылығы туралы мәліметтермен танысты. Топтық жұмыс барысында «Отан – рухы биік, асқақ ұғым!» тақырыбында постерлер дайындалып, әр топ өз жұмысының мазмұны мен идеясын таныстырып қорғады. Бұл топтық жұмыста Азиза, Умида, Наврузбек, Лачын, Айгозел белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Кураторлық сағаттың ерекше бөлімі – Қазақстан мен Түрікменстан елдерінің мәдениеті мен тарихына байланысты викториналық сұрақтар болды. Бұл бөлім студенттердің білімі мен зейінін тексеруге бағытталды. Ерекше белсенділік танытқан студенттер – Ораз, Гуловсер және Айбиби. Сонымен қатар, патриоттық рухты ояту мақсатында ағылшын тілінде Отан туралы өлеңдер оқылды. Қорытынды бөлімде студенттер рефлексия сұрақтарына жауап беріп, кураторлық сағаттан алған әсерлерімен бөлісті. Олар патриотизм ұғымының терең мағынасын ұғынып, қоғамдағы белсенділік пен жауапкершілік жайлы ойларын ортаға салды.
Кураторлық сағат ашық, жылы әрі достық атмосферада өтті. Студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін көрсете білді.
Ұйымдастырушылар:
«7M02303 Аударма ісі (батыс тілдері)» мамандығының
І курс магистранты Жанжігітова А.Б.
«7M02312 Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының
І курс магистранты Оспанова Ә.
Шетел филологиясы және аударма ісі
кафедрасының аға оқытушысы Онгарбаева М.С.
Басқа жаңалықтар

