
2025 жылғы 7 ақпанда химия және органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер технологиясы кафедрасының оқытушылары Кенесова З.А. және Аликулов А.Ж. 1 курс студенттерімен бірге «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Болмаған балалық шақ» спектаклін тамашалады. «Болмаған балалық шақ» – балалық шақ, отбасы және өмірлік қиындықтарды еңсеру тақырыптарын қозғайтын терең мағыналы қойылым. Бұл спектакль БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты:
🔹 ТДМ 3 (Салауатты өмір салты және жақсы өмір сүру) – қойылымда балалардың психоэмоционалдық жағдайы, жарақаттардың тұлғаға әсері және менталды денсаулыққа қамқорлық көрсету мәселелері қозғалады.
🔹 ТДМ 4 (Сапалы білім) – мәдениет пен өнер білім берудің маңызды бөлігі болып табылады, дүниетанымды кеңейтіп, сыни ойлауды дамытады.
🔹 ТДМ 10 (Теңсіздікті азайту) – спектакль әр баланың өмірлік жағдайына қарамастан, тең мүмкіндіктер жасаудың маңыздылығын еске салады.
Қойылымнан кейін студенттермен бірге оның әлеуметтік және психологиялық қырларын талқыладық. Мұндай іс-шаралар тек мәдени тәжірибені байытып қана қоймай, қоғамдағы маңызды мәселелер туралы ойлануға да көмектеседі.
Басқа жаңалықтар

