- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Климаттың өзгеруі – жаһандық сын-қатер ме, әлде жаңа мүмкіндіктер ме?" атты дөңгелек үстел
"Климаттың өзгеруі – жаһандық сын-қатер ме, әлде жаңа мүмкіндіктер ме?" атты дөңгелек үстел

Климаттың өзгеруі бүгінгі таңда тек ғалымдар мен экологтардың емес, саясаткерлердің, кәсіпкерлердің және қарапайым азаматтардың басты назарындағы өзекті мәселелердің біріне айналды. Ауа температурасының көтерілуі, жауын-шашын мөлшерінің өзгеруі, құрғақшылықтың жиілеуі және экстремалды табиғи құбылыстар – осының бәрі ауыл шаруашылығына үлкен әсерін тигізуде. Қазақстан – аграрлы мемлекет болғандықтан, бұл өзгерістер еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығына тікелей әсер етеді.
Осыған байланысты педагогикалық практика аясында Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес (ТДМ-13 «Климаттың өзгеруімен күрес») 2025 жылдың 13 наурызында «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС базасында ҚазҰУ 8D05105 - «Биотехнология» мамандығының 1-курс докторанттары Амангелдиева А.А., Манапқанова Ұ.А., Нұржұма М.Н., Рыхманова Н.Қ ұйымдастыруымен «Климаттың өзгеруінің егіншілік және өсімдік шаруашылығына әсері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығы секторына қалай ықпал ететіні, оның салдарын қалай азайтуға болатыны, бейімделу стратегиялары және заманауи инновациялық шешімдер қарастырылады.
Іс-шараның негізгі бағыттары:
🔹 Климаттық өзгерістер және егіншілік: Ауа температурасының көтерілуі, жауын-шашынның тұрақсыздығы және олардың топырақ құнарлылығына әсері;
🔹 Топырақтың құнарлылығын сақтау: Минералды тыңайтқыштарды тиімді қолдану, тұрақты агротехнологиялар;
🔹 Биотехнологияның рөлі: Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін арттыру, жаңа дақыл сорттарын әзірлеу;
🔹 Жасыл технологиялар: Су үнемдеу әдістері, экологиялық таза егіншілік, органикалық ауыл шаруашылығы;
🔹 Зиянкестермен күрес: Биоагенттерді пайдалану және өсімдіктерді қорғаудың инновациялық тәсілдері;
🔹 Тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зерттеулер, климаттық бейімделу стратегиялары.
Іс-шара барысында жетекші ғалымдар, сарапшылар мен жас зерттеушілер климаттық өзгерістердің ауыл шаруашылығына тигізетін ықпалын талқылады. Спикерлер арасында Оспанбаев Жұмағали, Малимбаева Алмагүл, Ержебаева Раушан сынды ауыл шаруашылығы, агрохимия және биотехнология саласындағы танымал мамандар бар. Сондай-ақ, ҚазЕжӨШЗИ, Ж.Жиенбаев атындағы ҚазӨҚКҒЗИ, Ө.Оспанов атындағы ҚазТАҒЗИ жас ғалымдары өз зерттеулерімен бөлісті.
Климаттың өзгеруі – бұл болашақ ұрпаққа әсер ететін маңызды мәселе. Оған қалай бейімделеміз? ылым мен инновация қандай шешімдер ұсынады? Бұл сұрақтардың жауабын бірге іздейік!
Басқа жаңалықтар

