ҚазҰУ ғалымдары Erasmus EduFusion NSG жобасында баяндама жасады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Португалияның Порту қаласында өткен Erasmus+ EduFusion Network for Sustainable Growth (EduFusion NSG) халықаралық жобасының алғашқы кездесуіне қатысты.
Жобаның мақсаты – Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін жаңғырту, оны қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру және тұрақты экономикалық дамуға ықпал ету.
Іс-шараға Қазақстан, Португалия және Испаниядан жобаны жүзеге асыратын консорциум мүшелері болып табылатын барлық 11 ұйымның өкілдері қатысты. Қазақстаннан ҚР ылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті, Орталық Азия білім беруді аккредиттеу қауымдастығы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАЗУ, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті бар. Еуропадан Порту жоғары инженерлік университеті, Виго университеті және ENTER (Engineering Educators Pedagogical Training) ұйымы шараның белсенді мүшесі болды.
Аталған кездесуде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бейорганикалық химия кафедрасының профессоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, Электроника және астрофизика кафедрасының меңгерушісі, PhD Ерұлан Сағидолда, Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD Бақыт Ханиев баяндама жасап, жобаның негізгі міндеттері мен алдағы жоспарын жан-жақты талқылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

