ҚазҰУ жатақханасына заманауи асүй жиһазы орнатылдыFarabi University

51

ҚазҰУ жатақханасына заманауи асүй жиһазы орнатылды

14 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне қарасты жатақхананың екі асханасына  заманауи жиһаз орнатылды. Бұған қоса жаңа үстел мен орындықтар қойылды. 

 

Сонымен қатар білім алушы жастардың емін-еркін ас дайындаулары үшін жаңадан 4 электронды плита мен 2 тоңазытқыш студенттер игілігіне берілді.  Жаңа асүй жиһазы мен техникалар демеушілердің көмегімен сатып алынып, тарту етілді. 

Ашылу салтанатына оқу ордасы мен факультет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен студент-жастар қатысты. 

 

Жиын барысында демеушілер атынан жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің үздік 10 тыңдаушысына 35 мың теңге көлеміндегі бір реттік  шәкіртақы табысталды. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі