- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Психологиялық көмек және психолог қызметі туралы»: жалпы және қолданбалы психология кафедрасында заң жобасын талқылау
«Психологиялық көмек және психолог қызметі туралы»: жалпы және қолданбалы психология кафедрасында заң жобасын талқылау

Қазақстан үшін еліміздегі психологиялық қызметтің сапасын арттыру мәселесі өзекті болып табылады, ол жоғары психологиялық білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ ел халқының, оның ішінде жастардың психикалық денсаулығын қорғауға, сақтауға және нығайтуға тікелей байланысты.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Психология Қазақстандағы кәсіп және ғылым ретінде: мселелері мен шешімдері» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізіп, онда өзекті мәселелер мен психологтардың қызметін құқықтық реттеу қажеттілігі көтерілді.
Қазіргі уақытта психологиялық кәсіби қоғамдастық Қазақстан Республикасының психологиялық қызмет туралы заң жобасын белсенді түрде талқылауда. Дайындалған «Психологиялық көмек және психолог қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2025 жылдың 4 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасында талқыланды. Кездесу барысында профессорлар, психология ғылымының докторлары Ким Алла Михайловна, Надия Сейілханқызы Ахтаева, психология ғылымының докторы, доцент Нурмаханбетов Арман Лесханұлы, пед.ғ.д., проф. Мынбаева А.Қ., п.ғ.д., профессор Забира Бекешқызы Мадалиева, психология ғылымдарының кандидаты, профессор Майра Победовна Кабакова сөз сөйледі. Пікірталасқа психол.ғ.к., доцент Э.К. Қалымбетова, аға оқытушылар PhD Л.О. Баймолдина, психол.ғ.к. А.М. Болтаева, пед.ғ.к.,. Ж.К. Рысбекова, А.А. Лиясова қатысты және т.б. қызықты ұсыныстар жас психологтар Ш.А. Сұлтаналиева (практик психолог), Ш.Т. Оспановадан түсті.
Мамандар заң бабын "Ұйымдастырушылық психология", "Киберпсихология", "Спорттық психология", "Отбасылық психология", "Жас ерекшелік психологиясы" және т.б. бағыттарының сипаттамасымен толықтыруды, психологтарға қойылатын талаптарды міндетті кәсіптік жоғары психологиялық білім ғана емес, сонымен қатар қадағалау, жеке терапия, психологтардың біліктілігін арттыру талаптарын қосуды кемінде 5 жылда 1 рет, тестологияны дамыту және басқа да ұсыныстарды ұсынды.
Заң жобасын қабылдау психологтар мен психологиялық қызметтердің қызметін құқықтық реттеуге мүмкіндік береді және тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға ықпал етеді: ТДМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат».
Басқа жаңалықтар

