Оқу ғимараттарында жиһаздар жаңартылуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасып, оқу ғимараттарына жаңа үстелдер мен кітап сөрелері қойылуда.
Бұл жұмыстар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен оқу инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама шеңберінде іске асырылуда. Жиһаз университеттің жеке өндірістік цехында жасалған. Дизайны заманауи стиль мен стандарттарға сәйкес келеді. Бұл жаңарту студенттер мен оқытушыларға ыңғайлы орта қалыптастыруға және білім алушылардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Цех шеберлері заманауи талаптарды ескере отырып, бүгінгі күнге дейін 250 кітап сөресі мен 401 дана жаңа үстел жасаған. Дайын жиһаз факультеттерге таратылып, оқу ғимараттарына орнатылды. Бұл өзгерістер білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, олардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына оң ықпалын тигізеді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

