Өнер мұражайының өрнегіFarabi University

51

Өнер мұражайының өрнегі

4 наурыз, 2025

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне биыл 100-ден астам қандастар мен  шетелдік тыңдаушылар қабылданды. Олардың көбі Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Иран, тағы басқа мемлекеттерден келді. Қазақстан егемен ел болғалы толассыз келіп жатқан қандастарымызды және шетелдік тыңдаушыларды жаңа ортаға бейімдеуде ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының негізгі мақсаты – Қазақстанның тарихы, мәдениеті, әдебиетімен таныстыру. Осы мақсатта «Өлкетану» үйірмесі аясында Қазақстанның түрлі мәдениет орталықтарына саяхат жасап, тарихи мұражайларды таныстыру – пән оқытушыларының міндеті. Осыған орай, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-11, ТДМ-4) аясында Алматы мұражайларына саяхатқа шықтық. 

Солардың бірі – Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы. Ғи­марат сыртында Әбілхан Қастеев­тің тастан қаланған мүсіні тұр. Мұражай іші кең, жарық. Екінші қабатқа көтерілген кезде көзге таныс, көңілге ыстық қазақтың ұлттық ер-тұрманы, алдаспан-қылыш түрлері, текемет, тұскиіз, кебеже, ұлттық киімдерден сәу­келе, қалыңдық көйлегі т.б. жәді­герлер қойылған. Келесі залға көркемсурет туындылары­ның көр­месі қойылған екен. Музейдің қоры өте бай. Көрмеде Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка, сондай-ақ Шығыс елдері халықтары сурет­шілерінің кескіндеме, гра­фика, сәулет өнерінің баға жетпес жұ­мыс­тары бар.

Музейдің экспозициясы әр халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін жәдігерлер арқылы әлемдік өнердің негізі мен даму сатыларын байқауға бола­тын тарихи хронологияға негіз­делген. Жан-жағыңнан қоршаған карти­наларға қарап, әр уақыттың тыныс-тіршілігіне куә боласың. Өлкетану­дың тарихы осындай жәдігерлерге толы екенін көрген тыңдаушылар да қуанышты күйде болды. Атаме­кенге білім іздеп келген қандастар осындай мәде­ни-тарихи іс-шараға өте риза.

Гүлнәзира МУЖИГОВА,

Меруерт ИБРАГИМОВА,

Жоғары оқу орнына  дейінгі дайындық кафедрасының  оқытушылары