
Куратор Спабекова Ж.Х.
Бүгін 1-курс КН 24-1,2 қазақ тобының студенттерімен бірге Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, Ш. Айтматовтың «Ақ кеме» шығармасы негізінде қойылған спектакльді тамашаладық. Қойылым терең мағыналы, әсерлі және эмоционалды болды. Актерлер кейіпкерлердің ішкі әлемін шебер жеткізіп, көрермендерді баурап алды. Сахналық безендіру мен жарық эффектілері қойылымның атмосферасын ерекше ашты. Студенттер бұл спектакльден үлкен рухани әсер алып, шығарманың терең философиялық ойларына ерекше мән берді. Мұндай мәдени іс-шаралар жастардың дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамуына зор үлес қосады.
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025