ЭБЖМ оқытушылары ТДМ-ды локализациялау бойынша семинарға қатыстыFarabi University

51

ЭБЖМ оқытушылары ТДМ-ды локализациялау бойынша семинарға қатысты

27 ақпан, 2025

2025 жылғы 19-20 ақпан күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен БҰҰДБ бірлесіп ұйымдастырған, Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) локализациялау және кезекті Еріккті ұлттық шолуды дайындау мәселелеріне арналған екі күндік семинар өтті.

Іс-шараға Экономика және бизнес жоғары мектебінің (ЭжБЖМ) деканы м.а. Даулиева Галия Рахметовна, Экономика кафедрасының оқытушысы Андабаева Гульмира Кенжегалиевна және докторант Сағынбай Әсел қатысты. Пікірталастар барысында тұрақты даму саласындағы негізгі мәселелер, мониторинг және қол жеткізілген нәтижелерді бағалау механизмдері талқыланды. Қатысушылар Қазақстанда ТДМ-ға қол жеткізуге бағытталған тәжірибелері мен үздік практикаларымен бөлісті.

Факультет оқытушыларының бұл іс-шараға қатысуы тұрақты даму саласындағы академиялық сараптаманы күшейтуге және қазіргі заманғы тәсілдерді білім беру мен ғылыми үдерістерге интеграциялауға ықпал етеді.