- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2025 жылғы 26 ақпанда ҚР ҒЖБМ ұйымдастырған "ЖОО-ның Үздік оқытушысы-2024" және "Үздік ғылыми қызметкер-2024" байқауларының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті.
2025 жылғы 26 ақпанда ҚР ҒЖБМ ұйымдастырған "ЖОО-ның Үздік оқытушысы-2024" және "Үздік ғылыми қызметкер-2024" байқауларының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттің, Экономика және бизнес жоғары мектебінің "Менеджмент" кафедрасының профессоры, э.ғ.д., профессор А.А. Адамбекова еліміздің үздік 150 профессорлары мен доценттері қатарынан көрініп, "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын иеленді.
Профессор Адамбекова А.А.-ның педагогикалық шеберлігі мен кәсіби тәжірибесі жоғары бағаланып, студенттер, магистранттар және докторанттар арасында жүргізілген сауалнамада (100-ден астам респондент) 10 баллдық шкала бойынша 10 баллдық жоғары баға (NPS) берілді.
Ол 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 19 оқулық пен оқу құралы, 3 монография, ҚР ҒЖБМ ҒЖБМССҚЕК тізіміндегі басылымдарда 80-ге жуық ғылыми мақала, Scopus және Web of Science базаларында 12 мақала, 16 ғылыми әзірлемеге авторлық куәлігі бар.
Қазақстанда ғылымды дамытуға қосқан үлесі, ғылыми кадрларды даярлау, сарапшылық қызметі және жүргізген зерттеулері үшін профессор Адамбекова А.А. "ылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" құрмет белгісімен марапатталды.
Ол Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Алтын медаль иегері, Сорос қорының халықаралық гранттарының иегері. Сонымен қатар, Алматы қаласының экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы" мерейтойлық төсбелгісімен марапатталған.
Профессор Адамбекова А.А. өзінің бүкіл педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде үздік оқытушы, білікті ғалым және адал тәлімгер болуға ұмтылды. 2024 жылғы жеңіс – оның төртінші жеңісі (2005, 2006, 2010 жж.).
Оның жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан тұрақты даму бойынша ғылыми жоба Қазақстанның 4 жоғары оқу орны мен АҚШ-тың Массачусетс университеті зерттеушілерінің басын қосқан, бұл оның кәсіби басқарушылық қабілеттерін дәлелдейді.
Бизнес-тренер ретінде өткізетін тренингтері әрдайым тыңдаушылар тарапынан жоғары бағаға ие. Шын мәнінде, үздік оқытушы барлық жағынан үздік!
Басқа жаңалықтар

