Сыбайлас жемқорлықтан тыс тұрақты даму
2025 жылдың 26 ақпанында «Экология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері үшін «Коррупциямен күрес» тақырыбында эдвайзер Хамитова К.К кураторлық сағат өткізді. Коррупциямен күрес Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №16 – «Тыныштық, әділеттілік және тиімді институттар» мақсатымен тікелей байланысты.
Іс-шара барысында коррупцияның экология және білім беру саласына әсері ерекше назарға алынды. Табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану, экологиялық заңнаманы бұзу жағдайлары, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен білім беру процесіндегі ашықтық пен адалдықтың маңызы талқыланды. Студенттер қоршаған ортаны қорғау саласындағы антикоррупциялық бастамалардың мысалдарын қарастырып, экологтардың коррупциялық тәуекелдерді алдын алудағы рөлін талқылады.
Сондай-ақ, коррупцияның тұрақты даму процесіне айтарлықтай кедергі келтіретіні атап өтілді, себебі ол табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға алып келеді, экологиялық таза технологияларды енгізуді тежейді және халықаралық экологиялық бағдарламаларды іске асыруға кері әсерін тигізеді. Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін қоғамда адалдық, жауапкершілік және заңдылық мәдениетін қалыптастыру маңызды.
Мұндай іс-шаралар болашақ экологтардың өз мамандығына жауапкершілікпен қарауын, құқықтық сауаттылықты дамытуды және қоғамдағы антикоррупциялық мәдениеттің маңыздылығын түсінуді қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар

