Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби Әлемі – 2024" атты халықаралық конференциясыFarabi University

51

Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби Әлемі – 2024" атты халықаралық конференциясы

7 сәуір, 2024

2024   жылдың 4-5 сәуірі аралығында Химия және химиялық технология факультетінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 90-жылдығына арналған студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби Әлемі – 2024" атты халықаралық конференциясы өтті. Биылғы жылы «Химия» бағыты бойынша 10 секция жұмыс жасады. Конференцияға Өзбекстан және Қазақстанның 15-тен аса университетінен студенттер мен жас ғалымдар өз баяндамаларымен онлайн және оффлайн түрде қатысты. Әрбір секция бойынша үздіктер I, II және III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.