Балалар үйіFarabi University

51

Балалар үйі

22 ақпан, 2025

Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес - Мақсат 3: Салауатты өмір салты және әл-ауқат, Логистика мамандығының 2-курс, К2 тобының студенттері Ауэзов қауымдастық орталығы және «Мейірім» қорының қолдауымен 2025 жылғы 15 ақпанда №1 балалар үйіне барды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері қайырымдылық істердің қозғаушы күші болып табылады, осындай волонтерлік іс-шараларды ұйымдастырып, оларға белсенді қатысады. Қамқорлық пен көмек көрсету университеттің жоспарлы бағыттарының бірі болып табылады.

 

Студенттер мен волонтерлер ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауды, олардың өзін-өзі бағалауын арттыруды, сондай-ақ шығармашылық әлеуетін ашуды мақсат етеді. Іс-шара бағдарламасына ойындар, жүлделі балалар конкурстары, сондай-ақ ұлттық және заманауи билермен, домбыра сүйемелдеуімен орындалған әндермен концерт кірді. Барлық балаларға сыйлықтар, тәттілер берілді, шағын фуршет ұйымдастырылды. Кездесу жемісті өтіп, балалар мен студенттер үшін жағымды эмоцияларға толы болды. Бұл кездесу студенттердің жүрегіне үлкен әсер етті.

 

Ұйымдастырушылар: э.ғ.д., доцент Бейсенова М.У., э.ғ.к., аға оқытушы Кажмуратова А.К., магистр, аға оқытушы Болтаева А.Ж., 2-курс студенттері, Логистика ББ, К1.