Геймификация  – студенттерді сабаққа қызықтыру және ынталандыру құралыFarabi University

51

Геймификация  – студенттерді сабаққа қызықтыру және ынталандыру құралы

11 ақпан, 2025

ТДМ 4 тармағы -сапалы білім бағыты бойынша,  ақпан айының 11 жұлдызында, геодезия және картография оқу бағдарламасының 2-курс, қ/б студенттерін, Картография және геоинформатика кафедрасының оқытушылары марапаттап қайтты.

Бұл іс-шараның бастауына себепкер болған, кафедамыздың аға оқытушысы Ө.Ж.Таукебаев өткен семестрде аталған топта «Геоинформатика» пәнінен дәріс оқыған болатын. Семестр бойы студенттерді сабаққа ынталандыру барысында геймификациялау құралын қолданған.

Геймификациялау  бүгінгі таңда білім саласында ойын элементтері мен техникалардың көмегімен нақты мәселелерді шешу, атап айтсақ ойын элементтерімен ойын емес мәселелерді шешу әдістерін қолдану арқылы білім алушыларды белсенді оқуға тарту, олардың қолданбалы мәселелерді шешуге қатысуын белсендіру.

Осы мақсата дәріс беруші Ө.Ж.Таукебаев студенттерге 2 шарт қойып студенттерге тапсырма берген:

  1. Оқу процессі барысында ArcGIS бағдарламасында үздік карта сызу
  2. 1 айға әлеуметтік желіден бас тарту

Осы шарттарды орындап, ең үздік атанған студенттерді дәріс беруші өте бағалы сыйлықтармен студенттерді қуантты.

Кафедра меңгерушісі А.А. Асылбекова  «Біз жас мамандардың білікті кәсіби маманы болуы үшін осындай іс – шараларды жиі ұйымдастыруға, оларға білім беру саласындағы озық тенденцияларды үйретуге әрқашан да мүдделіміз, әрі кез-келген ынтымақтастық үшін ашықпыз. Жас мамандарға  оң ықпал жасау арқылы, білім саласын одан әрі дамыта аламыз», – деп атап өтті.

Бұл іс-шара қызықты және тиімді оқу ортасын құруға бағытталған білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болатыны сөзсіз.