- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (2025 жылдың 3-5 сәуір аралығы)
«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (2025 жылдың 3-5 сәуір аралығы)
Студенттер мен жас ғалымдардың
«Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясы
3-5 сәуір 2025 жыл
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі 2025 жылдың 3-5 сәуірінде өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияға Қазақстан Республикасы мен шетелдің студенттері, магистранттары мен жас ғалымдарын қатысуға шақырамыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ бағыты бойынша конференция тақырыбы – «Тұрақты даму технологиялары: жаһандық өзгерістердің драйвері ретінде инновациялар».
Конференцияда әртүрлі ғылым салалары, соның ішінде экономика ғылымдары бойынша теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар қарастырылатын болады.
Конференцияға қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар қабылданады.
Қатысушылардың баяндамалары 2025 жылдың 3-5 сәуірінде секциялық мәжіліс кезінде тыңдалатын болады. Конференция шеңберінде келесідей секциялар ұйымдастырылады:
- Экономиканың тұрақты дамуының негізгі факторы ретінде Қазақстан Республикасының қаржы және есеп жүйесін трансформациялау
- Менеджментті цифрландыру: жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлер
- Цифрлық трансформация – жасыл экономиканың тұрақты дамуының драйвері
- Қазіргі заманғы бизнес-технологиялар: даму мен тиімділіктің драйверлері
Конференцияға қатысумен байланысты барлық шығындар қатысушылардың өз қалталарынан өтеледі. Конференция материалдары жеке жинақтар түрінде әр оқу саласы бойынша басылып шығарылады. Конференцияға қатысу тегін.
Қатысуға өтініштер мен мақалаларды конференция секцияларының хатшылары қосымшаға сәйкес 2025 жылдың 15 наурызына дейін қабылдайды. Мақалаларға қосымша ретінде файлда автор жөнінде мәліметтер көрсетілуі керек (қатысуға өтініш), файлды өз тегіңізбен атаңыз.
Мақалалар төмендегідей тәртіппен рәсімделуі тиіс:• Көлемі 2-3 бет;
- Microsoft Word;
- Беттің параметрлері: жоғарғы жол – 2 см., төменгі жол – 2 см., сол жақ – 3 см., оң жағы – 1,5 см.;
- Қаріп Times New Roman, KZ Times New Roman; қаріп өлшемі – 12 pt; • Жоларалық интервал – дара; абзацтық шегініс – 1 см; кітаптық бағдарлау; бет колонтитулдары және нөмір қойылмайды; мәтін ені бойынша тегістелген;
- Мақаланың түпнұсқалығы Antiplagiat.ru жүйесінде 85%-дан төмен болмауы керек.
Конференцияның ұйымдастыру комитеті жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтін, конференцияның негізгі бағыттарынан тыс жасалған баяндамаларды қабылдамауға құқығы бар. Ұйымдастыру комитеті баяндама мәтіндеріне өзгеріс енгізбейді. Жарияланатын мақаланың мазмұнына авторлар жауапты.
Конференцияның ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050040, г. Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71.
№ |
Секция атауы |
Хатшы / телефоны, электрондық пошта |
1 |
Экономиканың тұрақты дамуының негізгі факторы ретінде Қазақстан Республикасының қаржы және есеп жүйесін трансформациялау |
Боранбаева Айнур Канатовна. 8 777 789 55 77. Kanatovna240788@gmail.com |
2 |
Менеджментті цифрландыру: жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлер |
Жуламанова Динара Болатовна. +7 708 603 0930. Zhulamanova.Dinara@kaznu.kz |
3 |
Цифрлық трансформация – жасыл экономиканың тұрақты дамуының драйвері |
Мурабилдаева Риза Алимахуновна +7 (747) 843-84-53. riza27@mail.ru |
4 |
Қазіргі заманғы бизнес- технологиялар: даму мен тиімділіктің драйверлері |
Чемирбаева Мергуль Берикхановна 87078101881 mergul_b@mail.ru |
Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар: ЭжБЖМ деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Ермекова Жанна Жандарбековна (жұмыс тел.: +7 727 3773333, ішкі: 1678, e-mail: zhanna.yermekova@kaznu.edu.kz), Экономика және бизнес жоғары мектебінің СҒЗЖ жөніндегі төрағасы Калмакова Динара Танаткызы (Моб. тел.: +7 705 219 3508, e-mail: dina.kalmakova@gmail.com)
Қосымша
МАҚАЛА АТАУЫ
Автордың аты-жөні
ЖОО, факультет, мамандық, курс
ылыми жетекші: ғылыми жетекшінің аты-жөні
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Негізгі мәтін:
Кіріспе
Әдебиеттерге шолу
Зерттеу әдістемесі
Зерттеу нәтижелері мен талдау
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Тіркеу формасы:
Аты-жөні (толығымен): _______________________________________
Жұмыс немесе оқу орны: ______________________________________
Қызметі, ғылыми дәрежесі (Студенттер үшін курс):_______________
Байланыс телефоны: __________________________________________
Электрондық пошта (е-mail): __________________________________
Конференция секциясы: ______________________________________
Студенттер үшін - ғылыми жетекшінің де аты-жөні, ғылыми дәрежесі,
ғылыми атағын көрсету керек
Басқа жаңалықтар

