ылым резервіFarabi University

51

ылым резерві

17 ақпан, 2025

 

Жастар - кез келген мемлекет үшін барлық салалардың маңызды ресурсы. ылым да тыс қалмады. Бұл салада мамандардың қалыптасу процесі ерекше күрделілікпен сипатталады. Оған уақыт, шыдамдылық және тәжірибелі тәлімгерлер қажет. "ылым және технологиялық саясат туралы" қаулы шыққаннан кейін Қазақстанда жастарға деген назар айтарлықтай өсті. ҚР Ұлттық академиясының жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылды, Жас ғалымдардың бірінші конгресі өтті. Көбіне ұлдар мен қыздарды ғылымға тартудың бастауында оқу орындары тұр.

Университеттің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының бакалаврлары бірінші семестрден бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытып, конкурстар мен конференцияларға қатысқаны қуантады. 2025 жылғы 30 қаңтарда Пенза қаласында (Ресей Федерациясы) өткен «WORLD OF SCIENCE» ХІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында екінші курс студенті Қ.Е. Сағатбектің ғылыми жұмысы оң бағасын алды. Конференцияны «ылым мен Ағарту» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы өткізді.