«Тұрақты инфрақұрылымды дамыту – бүгінгі логистиканың өзекті міндетіFarabi University

51

«Тұрақты инфрақұрылымды дамыту – бүгінгі логистиканың өзекті міндеті

13 ақпан, 2025

Қай заманда болмасын, өркениеттің өзегі – берік инфрақұрылым мен қуатты индустрия. Тарихқа көз жүгіртсек, дамыған елдердің бәрі алдымен өнеркәсібін өркендетіп, ғылым мен техниканы қатар дамытқан. Оны неміс экономисі “Төртінші индустриялық революция” кітабының авторы Клаус Швабтың «Инновация мен тұрақты даму – болашақ экономикасының басты драйверлері» деген сөзі де қуаттайды. Бүгінгі таңда бұл қағида бұрынғыдан да өзекті. 

Осы орайда, 2025 жылдың 12 ақпанында Экономика және бизнес жоғары мектебінің Бизнес-технологиялар кафедрасы «Логистика (сала бойынша)» мамандығының 1-курс магистранттары арасында экономика ғылымдарының докторы Бейсенова Мадина Унайбековнаның жетекшілігімен «Тұрақты инфрақұрылымды жасау, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Аталған шара Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 9-мақсатын қамтыды. 

Іс-шара барысында магистранттар тұрақты инфрақұрылым қалыптастырудағы заманауи тәсілдер мен оларды Қазақстанда қолдану жолдары жөнінде ой бөлісті. Олар өнеркәсіптік аймақтарды дамыту, экологиялық қауіпсіз көлік түрлерін енгізу және өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсерін азайту жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салды.

Бұл іс-шара магистранттарға жаһандық трендтерді тереңірек түсініп, тұрақты дамудың маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді. Тұрақты инфрақұрылым мен индустрияландыру – елдің экономикалық қуатын арттырып қана қоймай, халықтың әл-ауқатын жақсартудың негізгі тетігі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі алдағы уақытта да студенттер мен магистранттарға тұрақты даму қағидаларын терең меңгертетін білім беру шараларын жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

Ұйымдастырушы: Бизнес-технология кафедрасының

                                             экономика ғылымдарының докторы Бейсенова М. У.