Әйелдердің ғылымдағы халықаралық күні: ғылымдағы нәзік жандардың жетістіктеріFarabi University

51

Әйелдердің ғылымдағы халықаралық күні: ғылымдағы нәзік жандардың жетістіктері

12 ақпан, 2025

Әйелдердің ғылымдағы халықаралық күні: ғылымдағы нәзік жандардың жетістіктері

Әлем әйелдердің ғылымдағы халықаралық күнін жыл сайын атап өтеді. Бұл күн – ғылымға елеулі үлес қосқан әйел ғалымдарды құрметтеу мен олардың еңбегін дәріптеу үшін маңызды. ылымдағы әйелдердің жетістіктері жаңа белестерге жетуге және болашақ зерттеушілерді ынталандыруға зор ықпал етеді.

12 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) аталмыш күнге орай салтанатты іс-шара өтті. Бұл жиында университеттің дамуына және ғылым саласына айрықша үлес қосқан жетекші әйел оқытушылар жоғары марапаттарға ие болды. Олардың ішінде молекулалық биология және генетика кафедрасының көрнекті ғалымы, қауымдастырылған профессор Сабира Мықтыбекқызы Тайпакова ерекше құрметке ие болып, «Фараби» алтын медалімен марапатталды. Сонымен қатар, ректор атынан алғыс хат табысталып, оның ғылымдағы қажырлы еңбегі жоғары бағаланды.

Сабира Мықтыбекқызы Тайпакова – ғылыми зерттеулерде үлкен жетістіктерге қол жеткізген, шәкірт тәрбиелеуде ерекше үлес қосқан тұлға. Оның еңбектері заманауи биология мен биотехнологияның дамуына үлкен ықпал етті. Ғалымның зерттеулері халықаралық деңгейде танылып, еліміздің ғылым саласын дамытуға септігін тигізуде.

ылымдағы нәзік жандылардың еңбегін мойындау және қолдау – қоғамның дамуы үшін маңызды қадам. Әйел ғалымдардың жаңа ғылыми жаңалықтар ашып, әлемдік аренада беделге ие болуы – болашақ ұрпаққа үлгі. Олардың жетістіктері жастарды ғылымға қызықтырып, жаңа көкжиектерді бағындыруға ынталандырады.

Сабира Мықтыбекқызы Тайпакованы шын жүректен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, сарқылмас шабыт және ғылыми ізденістерінде толағай табыстар тілейміз. ылымдағы қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, жаңа жетістіктерге жетуге жол ашсын!