«Құрбандық шалудың мәдени мағынасының эволюциясы» Тұрақты даму мақсаттарының бірі-сапалы білім бойыншаFarabi University

51

«Құрбандық шалудың мәдени мағынасының эволюциясы» Тұрақты даму мақсаттарының бірі-сапалы білім бойынша

10 ақпан, 2025

 

2025 жылғы 10 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дінтану жне мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен 314-аудиторияда «Құрбандық шалудың мәдени мағынасының эволюциясы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Бұл сабақ «Миф, ритуал, рәміздерді антропологиялық зерттеулер» пәні аясында өтіп, оны 1-курс докторанты Оралқұл Ә.С. жүргізді.

Сабақ барысында құрбандық шалу рәсімінің әртүрлі түрлері мен категориялары, олардың антропологиялық жне мәдени аспектілері жан-жақты талқыланды. Студенттер бұл рәсімдердің тарихи, әлеуметтік жне діни маңызын саралап, пікір алмасты.

Интерактивті бөлімде қатысушылар Kahoot ойынын ойнап, өз білімдерін сынап көрді. Сонымен қатар, олар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, қызу пікірталас жүргізді.

ылыми кеңесші Омирбекова А.О. жне педагогикалық практика жетекшісі Аликбаева М.Б. сабақтың мазмұны мен ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Дінтану жне мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен өткен бұл ашық сабақ қатысушыларға тың ақпарат беріп, өзара сұрақ-жауап алмасуға мүмкіндік жасады.