- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Менеджмент" кафедрасы кәсіби бағдар беру және «Мамандык тандау марафоны» іс-шараларын ұйымдастырды
"Менеджмент" кафедрасы кәсіби бағдар беру және «Мамандык тандау марафоны» іс-шараларын ұйымдастырды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасы 2025 жылдың 7 ақпанында «Мамандық таңдау марафоны» іс-шарасы аясында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің бітіруші сыныптарымен кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша кездесу ұйымдастырды.
Қатысушылар Алматы облысы Есік қаласынан 11 сынып түлектері Қ.И. Сәтбаев пен Ә.Бөкейханова атындагы мектептерi. Менеджмент кафедрасының және жалпы әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес жоғары мектебінің білім беру бағдарламалары туралы жеткілікті толық ақпарат жеткiздi.
Кездесу барысында кафедра доценті э.ғ.к., Смағұлов Асқар Мұратұлы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері оқуға қабылдау ережелері, білім беру бағдарламалары, қос дипломдық оқу бағдарламалары бойынша сапалы ақпарат пен практикалық кеңестер берді, сонымен қатар мамандықты дұрыс таңдау бойынша ұсыныстар берді. Кездесуге басқарманың оқытушылары мен мектеп басшылары модераторлық етті. Қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап берді. Мектеп түлектерімен мұндай кездесулер әлі де жалғасын табады.
Басқа жаңалықтар

