Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Синьцзян Педагогикалық Жоғары техникалық институтымен халықаралық ынтымақтастықтың болашағы мен мүмкіндіктерін қарастырдыFarabi University

51

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Синьцзян Педагогикалық Жоғары техникалық институтымен халықаралық ынтымақтастықтың болашағы мен мүмкіндіктерін қарастырды

24 қаңтар, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Технологияларды коммерцияландыру және креативты индустрия орталығы, Тарих және Журналистика факультеттері бірігіп, Синьцзян Педагогикалық Жоғары техникалық институты (Қытай) арасындағы халықаралық ынтымақтастық білім мен ғылым саласындағы екі жақтық мүмкіндіктерді қарастырды. Іс - шара БҰҰ Тұрақты даму үшін серіктестік аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында, ҚазҰУ мен Синьцзян институты арасында білім беру, ғылыми зерттеулер және студенттік алмасу бағдарламалары бойынша ықпалдастықты қарастырды. Бұл екі оқу орнының өзара тәжірибе алмасу арқылы ғылыми жаңалықтар мен әдістемелік жетістіктерді игеру мүмкіндігі жоғары екені айтылды. ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуеті мен Қытайдың білім беру жүйесінің ерекшеліктері бірлескен жобалар мен зерттеулерді дамытуға үлкен ықпал ете алатынын атап өтті.

Ондай-ақ, екі елдің жоғары оқу орындарының зерттеушілері мен ғалымдары арасында ортақ ғылыми жобалар жүргізу қарастырылды.  ҚазҰУ мен Синьцзян институты арасындағы ынтымақтастықтың болашағы зор, әрі екі тараптың да білім саласында жаңа көкжиектер ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға да ықпал етеді. Байланыстарды нығайтуға және екі жақты іс-шараны ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы - Бекбауова Ж.М.