Сангмёнг университетінің студенттерімен қысқы мектеп

2025 жылдың 11қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Сангмёнг университетінің Ким Сангхон және Цой Хису профессорлардың Қазақстанға келген студенттер мен Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің студенттері арасында мазмұнды достық кездесу өтті. Іс-шара қысқы мектеп аясында ұйымдастырылып, бұл қысқы мектепке Сангмёнг университетінен 12 студент (3 профессор,1 докторант, 8 студент) және Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасынан 15 студент қатысты. Ким Сангхон профессор қазіргі уақытта Қиыр Шығыс кафедрасының Хамитова Назерке и Ильясқызы Диана докторанттарының шетелдік жетекші болып табылады. Сонымен қатар Цой Хису профессор 1 курс Асқарова Гүлнар докторанттың шетелдік жетекшісі болып табылады. Ким Сангхон профессор жыл сайын Шығыстану факультетіне келіп, жетекшілігіндегі докторанттарымен кездесіп, екі жақты ынтымақтастыққа өз үлесіп қосуда.
Екі университет студенттерінің достық кездесуі қызықты, әрі көңілді өтті. Корей тарапынан әзірленген дәмді пиццаны бөлісіп отырып, студенттер Қазақстан мен Кореяның білім беру жүйелері мен университеттік өмірі туралы әңгімелесті. Түстен кейін студенттер топтарға бөлініп, Алматы қаласын аралап жүріп, үйренген корей тілін біраз тәжірбиеден өткізуге мүмкіндік алды. Қазақстанға алғаш рет келген Санменг студенттері үшін бұл танымдық кездесу болып, екі жақтық ынтымақтастықтың нығаюына өз үлесін қосты.
Ким Сангхон мен Цой Хису профессорлар Қиыр Шығыс кафедесіне ерекше көңіл бөледі. Олар Шығыстану факультетіне жыл сайын келіп, сапар барысында тарихи экскурсиялар өткізіп, докторанттарға кеңес бере отырып көмектесіп отырады. Біз Сангмёнг университеті мен Қазақ Ұлттық университеті арасындағы алмасулар мен ынтымақтастықтың болашақта да жалғасады деп үміттенеміз.
Басқа жаңалықтар

