
2024 жылғы 10 желтоқсанда "Шетел филологиясы (батыс тілдері)", "Аударма ісі (батыс тілдері" мамандықтарының 1 курс докторанттарының эдвайзері Жанысбекова Э.Т. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің, аударма ісі және шетел филологиясы кафедрасының 2-3 курс студенттерімен бірлесіп "Нашақорлыққа қарсы күрес"тақырыбында тәрбие іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастарды тәуелділікті тудыратын есірткі заттары мен энергетикалық сусындардың зияны туралы хабардар ету, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу.
Іс-шараға дәріс, есірткінің зияны туралы бейнеролик көрсету және интерактивті бөлім кірді.
Студенттерге жеке адамның және жалпы қоғамның денсаулығына зиянды әсер ететін есірткі заттары мен энергетикалық сусындардың зияны туралы ақпарат берілді. Дұрыс өмір салты мен дұрыс тамақтану, спорттың маңыздылығы және салауатты өмір салты туралы ұсыныстар айтылды.
Басқа жаңалықтар
