ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу.

22.11.2024 ж. «Қазақстан Халық банкі» АҚ маркетинг департаментінің директоры, Макулбекова Асель, «Өнім маркетингінің стратегиясы» тақырыбында қызықты лекция өткізді.
Бұл шарада спикер банк өнімдерін тиімді маркетингтік стратегиялар арқылы нарықта орналастыру, клиенттерді тарту және банк өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
Студенттер маркетингтің негізгі принциптері, стратегияларды жүзеге асыру жолдары және нарықтағы трендтер туралы тәжірибелі маманнан құнды кеңестер алды. Дәріс барысында практикалық мысалдар мен нақты жағдайлар талқыланып, студенттерге өнімді нарыққа тиімді шығару әдістері көрсетілді.
Бұл іс-шара болашақ мамандарға маркетинг саласындағы білімі мен дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Куратор-эдвайзерлер: Тлетай Ш.Т., Базарбек Ж.П.
Басқа жаңалықтар

