ТДМ №4: Сапалы білім беру.Farabi University

51

ТДМ №4: Сапалы білім беру.

6 қазан, 2024

6.10.2024 ж. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының «Деректер туралы ғылым» білім беру бағдарламасының студенттері кураторларымен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттің балалар мен жасөспірімдер театрына "Баянсыз бақ" қойылымын тамашалауға барды. Театр - тамаша, ерекше, өзінше бөлек өнер ордасы. Әрбір қойылым жаңа және тың эмоциялар әкеледі. Қойылым және актерлік ойын санада төңкеріс тудырады, бізді кейбір жағдайларға өз пайымдауларымыз бен бағалауларымызды қайта қарауға шабыттандырады және мәжбүр етеді. Театрға бару студенттерге жаңа шабыт, ерекше эмоция, ұмытылмас сәттер сыйлағанына сенімдіміз.
Куратор-эдвайзерлер: Сарсембаева Т.С., Базарбек Ж.П.