ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу.Farabi University

51

ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу.

20 қыркүйек, 2024

20.09.2024 ж. «Интеллектуалды басқару жүйелері» және «Деректер ғылымы»

мамандығының студенттері үшін «Freedom Broker» компаниясының өкілімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада компания өкілі қаржы саласында жұмыс істеу мүмкіндіктері, инвестициялар және қаржы нарығы туралы студенттерге құнды ақпараттар берді.

Студенттер қаржы саласында тәжірибе жинақтап, мамандықтары бойынша әрі қарай дамуға қатысты сұрақтарын қойып, кеңестер алды. Кездесу барысында компанияның қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттерге нақты жұмыс істеу жолдарын көрсетті.

Бұл кездесу болашақ қаржы мамандарына үлкен мүмкіндіктер мен жаңа көзқарас сыйлады.

Ұйымдастырушылар: Кафедра меңгерушісі Мансурова Мадина Есимхановна, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор-эдвайзер: Базарбек Жания Пархатқызы, кафедра аға куратор-эдвайзері Тлетай Шолпан Тлетайқызы.