
2024 жылдың 3 желтоқсанында Төреханова Р.А «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттерімен бірге №1 ТДМ аясында «Бизнес бастау» атты дөңгелек үстел іс-шарасын өткізді. Іс-шараның мақсаты – студенттерді қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктер мен кедейлік мәселелері туралы хабардар ету, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамалар мен бизнестің кедейлікті жоюдағы рөлі туралы түсініктерін тереңдету.
Кедейлік пен әлеуметтік теңсіздік қазіргі замандағы маңызды мәселе. Әсіресе, кедейлікпен күресудің тиімді әдістерінің бірі – кәсіпкерлікті дамыту. Мысалы, әлемде көптеген елдер кедейлік деңгейін төмендету үшін әлеуметтік кәсіпкерлік пен тұрақты бизнес моделдерін қолданып келеді. Кедей аудандарда жұмыс орындарын ашу, жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану және кәсіпкерлерге қолдау көрсету – бұл әдістердің басты бағыттары болып табылады.
Студенттерге арналған іс-шара барысында, Жұлдыз, Аружан және Аида студенттерді бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы ақпаратпен таныстырды. Олар өздерінің тәжірибелері мен жобалары арқылы кедейлікпен күресудің кәсіпкерлік жолдарын көрсетті. Эдвайзері Төреханова Р.А. кәсіпкерліктің ғана емес, адамдардың өмір сүру сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтіп, әр студенттің қоғамға, әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарға ықпал ететін мүмкіндіктері бар екенін айтты.
Іс-шара барысында студенттер «Кедейлікті жою» аясында «Бизнес бастау» атты тақырыбында викторинаға қатысып, әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Бұл ойында студенттер кәсіпкерлік пен әлеуметтік мәселелер арасындағы байланысты тереңірек түсініп, өз білімдерін кеңейтті. Іс-шара өте жылы және достық атмосферада өтті, студенттер бір-біріне бизнес бастау туралы кеңестер беріп, болашақта кедейлікпен күрес жолында кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.
Ұйымдастырушы:Төреханова Р.А.
Басқа жаңалықтар
