Зерттеулердің білім берудегі рөліFarabi University

51

Зерттеулердің білім берудегі рөлі

29 қараша, 2024

2024 жылдың 29 қараша күні түркітану және тіл теориясы кафедрасында "British Centre: Language and Culture" орталығы аясында "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығының 1-2 курс докторанттарына арналған «Зерттеулердің білім берудегі рөлі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара ғылыми зерттеулер тәжірибесімен алмасуға және диссертациялық жұмыстарда инновациялық әдістерді енгізуге арналған. Екінші курс докторанттары өздерінің баяндамалары мен презентацияларын бірінші курс докторанттарымен бөлісті. Назерке Рысбекқызы «AI in Research and TFL» баяндамасында зерттеулер мен шет тілдерін оқытудағы жасанды интеллектінің рөлі туралы айтып, деректерді талдау және оқу материалдарын жасауға арналған құралдарды таныстырды. Айнур Алиева «Welcome to my PhD Journey» баяндамасында докторлық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңестер беріп, жоспарлау, уақытты басқару, ғылыми жетекшісімен өзара әрекеттесу және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдардың маңыздылығына тоқталды. Шырынай Байзакова «AI Tools That You Can Use in Your Research» баяндамасында зерттеу жұмыстарында қолданылатын жасанды интеллект құралдарын таныстырып, деректерді өңдеу, нәтижелерді визуализациялау және сілтемелерді басқару бағдарламаларын талқылады. Толқын Байбосынова «Action Research» әдісін таныстырып, білім беру процесін жақсартуда рефлексия мен жаңа идеяларды енгізудің маңыздылығын түсіндірді. Семинар барысында Пол Дж.Силвияның "How to Write a Lot" кітабы бойынша джигсо әдісі қолданылып, талқыланды. Іс-шара тәжірибе алмасу, жаңа идеяларды талқылау және құнды кеңестер алу үшін маңызды алаңға айналды.

Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының PhD докторлары, аға оқытушылары М. Жамбылқызы және А.М. Досанова.