Қоғаммен байланыс — әдебиетшілер көзімен

көзімен
«ТДМ 4. Сапалы білім беру» аясында "Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы" кафедрасының оқытушысы Гүлжан Болатова бастамасымен 3-курс студенттері үшін журналист, PR маманы және оқытушы Жалғас Иманалиевпен қызықты кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – студенттерді журналистиканың қыр-сырымен, PR саласының ерекшеліктерімен таныстырып, әдебиеттану мамандығының болашақ мамандарына кәсіби кеңестер беру болды. Жалғас Иманалиев өз саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді, сонымен қатар қазіргі қоғамдағы ақпараттың орны мен маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, медиа саласының жаңа бағыттары, әдебиет пен коммуникацияның байланысы жайлы жан-жақты ақпарат алды. Бұл шара жас әдебиетшілердің болашақтағы мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби дамуына оң ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

