- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қанатын кеңге жайып, қазақ тілін университет деңгейінде ғана емес, әлемдік деңгейде оқытып, ұлттық құндылықтарымызды қазақ тілінде насихаттап келеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қанатын кеңге жайып, қазақ тілін университет деңгейінде ғана емес, әлемдік деңгейде оқытып, ұлттық құндылықтарымызды қазақ тілінде насихаттап келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қанатын кеңге жайып, қазақ тілін университет деңгейінде ғана емес, әлемдік деңгейде оқытып, ұлттық құндылықтарымызды қазақ тілінде насихаттап келеді. Осы уақытқа дейін университеттің филиалдары Түркияның Ыстамбұл қаласында, Қырғызстанның Бішкек қаласында жұмыс істесе, енді Ресей Федерациясының Омбы мемлекеттік университетінің базасында да Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды.
Екі ел үшін де маңызды тарихи оқиға Ресей Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың келіссөздерінің нәтижесінде жүзеге асты. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының ылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ресей Федерациясы ылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Могилевский, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, ОмМУ ректоры Сергей Замятин қатысты. Қазақстан Республикасының ылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Ресей Федерациясы ылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Могилевский баяндамаларында бұл шара екі елдің білім-ғылым әлеуетін дамытып, білікті маман даярлаумен қатар екі ел арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайта түсетінін атап өтті.
Қазақстандық жоғары оқу орнының алғашқы филиалында оқу-әдістемелік қызметке арналған 10 кабинет, басшылық пен оқытушы-профессорлар үшін 5 кабинет, 7 аудитория, коворкинг-орталықтары бар. Қазақстан, Ресей үкіметтері студенттердің білім алуына 200 арнайы грант бөлген. Талапкерлер 2025 жылдың қыркүйегінен бастап қабылданады. Бакалавриаттар мен магистранттар «Қазақ филологиясы», «Халықаралық құқық», «Кеден ісі» білім беру бағдарламалары бойынша дайындалады. Соған сәйкес филиалда Абай атындағы қазақ тілі кабинеті, Ш.Уәлиханов атындағы кеден ісі кабинеті және Н.Төреқұлов атындағы халықаралық құқық кабинеті жасақталған.
Оқу үдерісін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор, оқытушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізеді, сондай-ақ филиалдың жұмысына шетелдік ғалымдарды да тарту көзделіп отыр. Алдағы уақытта қос дипломды білім беру бағдарламасы да жүзеге асырылмақ.
Баян Өмірбекқызы Жолдасбекова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі
Жұбай Орынай Сағынғалиқызы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры
Басқа жаңалықтар

