Қазақстандағы миграция мәселесіFarabi University

51

Қазақстандағы миграция мәселесі

26 қараша, 2024

2024 жылдың 26 қарашада №17 жатақханада «6В02303 – Шетел филологиясы» мамандығының 4 курс студенттері және куратор Э.К. Бектурованың жетекшілігімен «Қазақстандағы миграция мәселесі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. 
Әрбір адам баршаның игілігі үшін көші-қон мақсаттарын,  оның ішінде өсіп-өнген еліндегі мигранттар мен қоғамдастықтарды іске асыруда маңызды рөл атқаруы тиіс. Көші-қонды басқару 2030 жылға дейінгі Күн тәртібіне және оның тұрақты даму саласындағы (ТДМ) 17 мақсатына  қол жеткізу үшін табыстың факторына айналады. 
1990 жылдың 18 желтоқсанда, БҰҰ Бас Ассамблеясы барлық еңбекші-мигранттардың құқықтары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау жайлы конвенция қабылданды, ал 2000 жылдың 4 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы мигранттардың халықаралық күнін орнатты және 18 желтоқсанда жыл сайын оны атап өтуге шешім қабылдады. Бұл шешім соңғы жылдары бүкіл әлемде көшіп-қонушылардың саны айтарлықтай өсуіне және халықтың тасымалдану мәселелері орасан зор ауқымға ие болуына байланысты қабылданды.
Миграцияның негізгі себептері – тұрмыс, өмір сүру сапасын жақсарту, саяси көзқарасқа қатысты себептер, соғыс сияқты түрлі сипаттағы қиындықтар, жаңа жұмыс орнын іздеу, өмір сүру салтын өзгерту, экология, білім алу мақсатымен жер ауыстыру мәселелері. Осыған байланысты әлеуметтік ғылымда этникалық миграция, экологиялық миграция, еңбек миграциясы, білім миграциясы, туристік миграция сынды терминдер қалыптасқан. 
Шара барысында мигрант балалардың негізгі жалпы білім алуын құқықтық реттеу, қабылдаушы мемлекеттегі мигрант балалардың білім алу тәжірибесі, олардың ана тілінде білім алуын қолдау мәселелері талқыланды.

Шетел филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Э.К. Бектурова