«Академиялық ұтқырлық – жаңа көзқарастың бұлақ көзі»

2024 жылдың 25 қараша күні «Академиялық ұтқырлық – жаңа көзқарастың бұлақ көзі» тақырыбында кафедрамыздың студенттеріне арнап іс-шара ұйымдастырылды. Шараны академиялық ұтқырлық бағдарламасына жауапты PhD доктор Сұлтанбек К.Б. ұйымдастырып, өткен жылғы екі жақты келісім шарт пен грант негізінде шетелде оқыған студенттер де қатыстырылды.
Алдымен академиялық ұтқырлық бойынша жалпы ережелер түсіндіріліп, кейіннен екі жақты келісім шарт пен мемлекеттік грантқа тапсырудың құжаттамасы туралы мәлімет берілді. Жиын барысында грант иегерлері мен екі келісім-шарт негізінде барған студенттер өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, шетелде білім алудың артықшылықтары мен кемшін тұстарын атап өтті. Студенттеріміз Түркия, Польша, Қытай, Жапония елдерінің үздік университеттерінде білім алып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруда. Қазіргі таңда күзгі семестрде Түркия елінде 30 студентіміз білім алып жатыр. Бұл дегеніміз студенттердің шетелде білім алуларына деген қызығушылықтың артқандығын көрсетеді.
Сөз соңында студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, оқуға деген қызығушылығының артқандығын, алдағы уақытта мемлекеттік грант негізінде оқуға тапсыратындарына қуанып, алғыстарын айтты.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының PhD доктор, аға оқытушысы К.Б. Сұлтанбек, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие істері бойынша орынбасары Ш.Т. Кудьярова.
Басқа жаңалықтар

