“Абай ілімінің қазіргі жастардың көзқарастары мен тәрбиесіне әсері”Farabi University

51

“Абай ілімінің қазіргі жастардың көзқарастары мен тәрбиесіне әсері”

20 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ҒЗИ –да  жүргізілетін «АБАЙ ІЛІМІ» пәні бойынша факультетаралық дебат өтті. Филология факультетінің "Орыс филологиясы" және журналистика факультетінің "Кино Медиа" мамандықтарының 1 курс студенттері арасында  өткен дебат тақырыбы – “Абай ілімінің қазіргі жастардың көзқарастары мен тәрбиесіне әсері”. Шараның мақсаты –ұлы Абайдың дана қағидаларын  жас ұрпақтың санасына сіңіру.  Жеребе нәтижесінде " Орыс филологиясы " - үкіметтің ұстанымын, ал " Кино Медиа" студенттері оппозиция тарапынан сөз алды.  Пікірсайыста " Абай ілімі қазіргі жастар үшін өзекті ме?", "Жастар Абай қара сөздерін ұстанады ма?" және басқа да көптеген маңызды сұрақтар талданып, қазіргі өмірден нақты мысалдар (Абай сөздерінің өзектілігі, сондай-ақ кітап оқылмауы, экология, лудомания, клиптік ойлау т.б). Тараптар өз ұстанымдарын дәлелдей отырып, өз тараптарын қорғау үшін түрлі аргументтер мен контраргументтер келтірді. Төрешілердің қорытындысы бойынша оппозиция тарапы егжей-тегжейлі дәлелдер келтірді, осылайша өз көзқарасын қорғап, 5:4 есебімен үкімет жағын жеңді.

               Дебат нәтижесінде студенттер тақырыпқа тереңірек үңіліп, себептерін ашып, Абай Құнанбаевтың гуманистік қағидаларының әлі де өзекті екендігін, ұлтымызды тәрбиелеуге ықпал ететіндігі туралы қорытындыға келді. Абай атындағы ғылыми-зерттеу институтының доценті Ләйлә Мұсалы сабақты қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдіріп, студенттерді ұлы Абайдың өсиеттеріне адал болуға шақырды.