- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Сапалы білім беру" ТДМ-дары аясында арабтану бөлімінің оқытушысы ғылыми семинар өткізді
"Сапалы білім беру" ТДМ-дары аясында арабтану бөлімінің оқытушысы ғылыми семинар өткізді
2024 жылдың 13 қарашасында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арабтану бөлімінің ұйымдастыруымен ғылыми семинар өтті. "Higher education system in Arabic countries: comparative analyses" тақырыбындағы бұл семинарды ағылшын тілінде бөлім оқытушысы Кайранбаев Нурали жүргізді. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының "Тұрақты даму үшін серіктестік" және "Сапалы білім беру" тармақтары аясында ұйымдастырылды.
Семинар барысында Араб елдерінің жоғарғы білім беру жүйесі, ғылымның дамуы және оның елдердің экономикасына әсері сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің білім алушылары семинарға қатысып, Парсы шығанағындағы БАӘ сияқты елдердің жоғарғы білім беру жүйесі жөніндегі сұрақтарына жауап алды. Бұл кездесу қатысушыларға жаңа білім мен тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар

