Мионг Сун Ок, 1958 жылы ууған, философия докторы (PhD), доцент. 1998 жылы Сеулдегі Йонсей Университетінің Мемлекеттік Басқару факультетін "Дипломатия және ұлттық қауіпсіздік" мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің магистратурасын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірді. 2009-2012 жылдар аралығында философия және саясаттану факультетінде докторантурада оқып, 2013 жылы "Мәдени антропология" мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды.
2013 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында жұмыс істейді, корей, ағылшын, орыс тілдерінде дәрістер мен семинарлар өткізіп келеді. 2019 жылы "Философия" мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды.
Ол бірнеше монографиялардың, сондай-ақ 46 ғылыми еңбектің авторы: оның ішінде Scopus мәліметтер базасына енгізілген журналдарда 5 жарияланым, Clarivate Analytics мәліметтер базасында 4 мақаласы жарияланды. «Proceedings of Multidisciplinary Studies for Future Asian Community», ISSN 2508 4283, vol.1 (2016), vol.2 (2017), vol.3 (2018), vol.4 (2019) халықаралық мерзімді басылымының редакторы.
Мионг Сун Ок 2013-2017 жылдар аралығында ЮНЕСКО жанындағы Корея Республикасының Мәдени мұралар қауымдастығымен бірлесіп жыл сайынғы "Дәстүрлі корей музыкасы мен биі" арнайы практикалық курсының үйлестірушісі болды. 2012 жылдан бастап қазірге дейін Мионг Сун Ок Жапонияның «One Asia Foundation» қорының қолдауымен «One Asia» халықаралық гранттық жобасын жүзеге асыруға лектор ретінде қатысады. Сондай-ақ, ол 2017-2020 жылдар аралығында Complutense Университеті мен Atonomous Университетінде (Мадрид); Таиландтың Сауда Палатасы Университеті (Бангкок), 2018; Джавахарлал Неру Университеті (Нью-Дели), 2018, Шығыс Финляндия Университеті, 2018 жылдары «One Asia» халықаралық бағдарламасы курстарына шақырылған лекторы ретінде қатысты.
Корея, Қытай, Вьетнам, Камбоджа және Жапонияда өткен халықаралық конференцияларда баяндама жасады.
Басқа жаңалықтар

