ТДМ 15. «GREEN CAMPUS» – университеттің факультеттерінде және қысқы бағында жасыл бұрыштардың ашылуыFarabi University

51

ТДМ 15. «GREEN CAMPUS» – университеттің факультеттерінде және қысқы бағында жасыл бұрыштардың ашылуы

9 қараша, 2024

«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 22-03, 24-04 тобының студенттері мен кураторы аға оқытушы Бекетова Айман Кайырбековна «GREEN CAMPUS» жобасы аясында «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасында жасылдандыру жұмыстарын жасап, факультетте жасыл бұрыштың ашылуына өз үлестерін қосты.  Студенттер гүлдердің топырақтары мен құмыралармен жаңартып, жаңадан әр түрлі гүл шоқтарын отырғызды. Бұл кафедарамызды жандандырып қана қоймай, оқу атмосферасына үйлесімділік қосты. Жоба қоршаған ортаны жақсартуға және жастардың табиғат туралы білімін арттыруға септігін тигізді.

Жасыл бұрыш студенттердің экологиялық таза және жайлы білім беру ортасын құруға қосқан үлесінің символына айналды. Факультетте жасыл бұрыштың ашылуы және «GREEN CAMPUS» жобасына қатысуы жас ұрпақты  болашақта табиғатты қорғауға шабыттандырды.