ҚазҰУ-да «Ұстаз және шәкірттер» атты флэшмоб басталдыFarabi University

51

ҚазҰУ-да «Ұстаз және шәкірттер» атты флэшмоб басталды

8 қараша, 2024

2024 жылдың 8 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің «Әлеуметтік лингвистика, аударма теориясы мен практикасы» зертханасында Қазақстан филология ғылымының цифрландыру және ғылыми-білім беру парадигмаларының өзгеру жағдайында дамуы тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Іс-шара гибридті форматта өткізілді және түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институты «Дәуір және тұлға» ғылыми-ағартушылық жобасы, сондай-ақ 2024–2026 жылдарға арналған АP23486380 «Қазақтандағы түркі тілдері рухани модернизация жағдайында: графикадан эпикалық мәтінге» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинардың модераторы – филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры, түркітану және алтайтану ҒЗИ атқарушы директоры Нұрсұлу Жамалбекқызы Шаймерденова болды.
Модератор өз сөзінде филология ғылымдарының докторы, профессор Э.Д. Сулейменованың 2025 жылғы сәуірде болатын мерейтойына дайындық туралы сөз қозғады. Қазақстан филологиясы және Элеонора Дюсенқызының ізбасарлары үшін маңызды кезең қарсаңында «Ұстаз және шәкірттер: зерттеу көкжиектері» флэшмобының басталуы жарияланды.
Филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шет тілдері мен аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Малика Мұратқызы Аймағамбетова «Профессор Э.Д. Сулейменова: КазПРЯЛ-дағы ғылым мен білім интеграциясы» тақырыбында баяндама жасады. Ол Қазақстан орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығының жұмысы, сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарлар туралы айтты.
ҚазҰУ магистранттары да өз баяндамаларын ұсынды: Жүнісбек Дидар Алматы мәтінінің қазақ әдебиетіндегі заманауи прозадағы рөліне тоқталды; Арықбаева Дильназ қазіргі қазақ жазушыларының шығармашылығындағы авторлық ертегінің жанрын талдады; Амурова Умида «Аманжолов оқулары» дәстүрлі ғылыми конференциясының маңыздылығын атап өтті және ғылыми тұлғатанудың дамуына қосқан үлесін айтты; Нусретиллаева Ирада өз баяндамасында қазақстандық филология контексінде ғылыми өлшемдерді дамыту қажеттілігі туралы айтып өтті.
ылыми семинар қатысушылар үшін өте пайдалы әрі нәтижелі болды, олар филология, тұлғатану, ғылыми өлшем саласындағы білімдерін толықтырды. Қарастырылған мәселелер шығармашылық әрі жанданып, ашық пікірталас атмосферасында өтті. Жас зерттеушілер үшін осындай іс-шаралар ғылыми тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа беру жолында маңызды көпір болып табылады.
Арыкбаева Дильназ
екінші курс магистранты
орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы