Діни және құқықтық сауаттылықты арттыру: қоғам тұрақтылығының негізі

2024 жылдың 7 қараша күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушылары ф.ғ.к., Н.Егізбаева, PhD ғылым докторы Ж.Сәрсенбай және магистр С.Игілікқызы, магистр М. Хамитованың ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша «Діни және құқықтық сауаттылықты арттыру: қоғам тұрақтылығының негізі» атты іс-шара өткізілді. Кездесудің қонақтары ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі А. Амреева, «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор Т.Имаммәди. Іс-шараға қазақ филологиясының 1-курс студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттерге діни сенім бостандығы мен толеранттылық жөнінде дәріс оқылды. Кездесу қонақтары діни-құқықтық мәселелерде заңның рөліне ерекше тоқталып өтті және арнайы діни сауаттылықты арттыру үшін үлестірмелі қағаздар таратылып, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында видео-роликтер көрсетілді.
Басқа жаңалықтар


