- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Түркияда Scopus мәліметтер базасына кіретін журналдар және Түркі мәдениеті мен Хажы Бекташ Уәли журналында мақала жариялау»
«Түркияда Scopus мәліметтер базасына кіретін журналдар және Түркі мәдениеті мен Хажы Бекташ Уәли журналында мақала жариялау»

2024 жылы 8 қараша күні &ܴ;Түркияда Scopus мәліметтер базасына кіретін журналдар және Түркі мәдениеті мен Хажы Бекташ Уәли журналында мақала жариялау» тақырыбында жас ғалымдарға арналған практикалық семинар өтті. Семинарға филология, тарих факультетінің жас ғалымдары сонымен қатар оқытушы-профессорлары қатысты.
Семинарға Анкара Хажы Байрам Уәли университетінен Проф. Др. Садуллах Гүлтен, Доц. Др. Месут Каракулак, Орду университетінен Проф. Др. Фатих Үнал және Түркия мәдениет министрлігі өкілі Др. Хасан Челик қатысты. Семинар барысында журналға мақала жариялаудың артықшылықтары, келетін мақалаларға қойылатын талаптар туралы мәлімет берілді. Жиын барысында жас ғалымдар сұрақтар қойып, өздерінің ойларымен бөлісіп отырды.
Скопус журналдарына мақала жариялауда мақаланың дербес болуы, яғни басқа жазушының ойын қайталамау керектігі; әдіс-тәсілдерді дұрыс көрсетіп, ойын нақты жеткізу керектігі; түрік және ағылшын тілдеріне аударылған кезде мамандардың көмегіне жүгініп, қайта-қайта тексеріліп жіберілуі маңызды екендігіне назар аударылды.
Ұйымдастырған: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түркітану және тіл теориясы кафедрасы және кафедраның PhD доктор, аға оқытушысы К.Б. Сұлтанбек.
Басқа жаңалықтар


