«Шылым шегуге қарсымыз: денсаулық және қоғам үшін» (тәрбие сағаты)

30 қазан куні 4 курс студеттерімен – «Шылым шегуге қарсымыз: денсаулық және қоғам үшін» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Қатысушылар: «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері 21-04» тобының студенттері, кафедра оқытушылары. Студенттер темекі шегу адамның денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Ол өкпе аурулары, жүрек-қан тамыр аурулары және қатерлі ісіктердің пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар, шылым шегу тек шегушіге ғана емес, оның айналасындағы адамдарға да зиянды. Пассивті шылым шегу балалар мен ересектердің денсаулығына теріс әсер етеді. Қоғам үшін шылым шегудің алдын алу маңызды, өйткені бұл халықтың денсаулығын жақсартып, медицина саласына түсетін ауыртпалықты азайтады. Денсаулықты сақтау – әр адамның борышы жайлы айтылды.
Ашық сағатты Медетбек Жанар және аға куратор Усманова Асел өткізді.
Басқа жаңалықтар

